Спорт

Қазақстан Әзербайжан құрамасына есе жіберді

11 маусымда Сомбатхей (Венгрия) қаласында Қазақстан футбол командасы Әзербайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізді.

Футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан жеңіліп қалды.

Бірінші таймда Ян Вороговский мен Максим Самодовтың дәл соққыларынан кейін Қазақстан аяқ асты алға шықты.

Алайда бірінші таймның соңында әуелі Эмрели есепті қысқартса, екінші таймда Махмудов пен Байрамов Әзербайжанды алға шығарып, таблодағы қорытынды есепті 3:2-ге жеткізді.

Бұған дейін 7 маусым күні Ереванда футболдан жолдастық кездесу өтіп, онда Армения Қазақстан құрамасымен кездесті. Біздің команда 2:1 есебімен жеңіліп қалды.

 

Source
Zakon.kz

TuraNews

Back to top button