ҚоғамТехнология

Өзбекстанда «Tashkent Game&Animation Fest 2024» халықаралық форумы өз мәресіне жетті

4-6 маусым аралығында Ташкентте Өзбекстан Цифрлық технологиялар министрлігінің қолдауымен «Tashkent Game&Animation Fest 2024» халықаралық форумы өтті, деп жазады ТҮРКСОЙ баспасөз қызметі.

Шара мақсаты – стратегиялық дамуға бағытталған инновациялық, шығармашылық экономиканы дамыту және өскелең ұрпақты ойын және анимация индустриясы елдеріне тарту.

10-нан астам елден спикерлер қатысқан жиынға, әсіресе, Константин Бронзитті атап өткен жөн. Ол «Оскар» сыйлығының екі мәрте үміткері. Сондай-ақ қатысушылар арасында арт-студиялардың шығармашылық продюсері Паша Потехин (Ресей), Disney Channel-дің АҚШ-тағы өкілі Майкл Моррис, Мэттью Лион және Юрий Степанов (Канада) секілді қонақтар бар.

Форумда анимация тарихында тұңғыш рет ТҮРКСОЙ демеушілігімен түркі аниматорлары қауымдастығының (ТАҚ) тұсаукесері өтті.

Айта кетtйік, қауымдастық құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан секілді 6 бауырлас елдің жетекші аниматорлары мүше.  Сондай-ақ «Game fest» аясында түркі анимация қауымдастығының мүшелерімен дөңгелек үстел өтті.

 

TuraNews

Back to top button