Әлем

Моңғолияда жылдық инфляция 5,7 пайызға жетті

Моңғолияда 2024 жылдың мамыр айында жылдық инфляция 5,7 пайызды құрады.

Бұл туралы елдің Ұлттық статистикалық қызметі хабарлады, деп жазады Синьхуа агенттігі.

Жылдық инфляцияның қалыптасуына дәрі-дәрмектің, медициналық қызметтің 7 пайызға өсуі тікелей әсер еткен. Ал, өндірістік тауарлар, алкогольсіз сусындар мен минералды сусындардың бағасы 6,7 пайызға сондай-ақ киім-кешек, текстиль және аяқ киімнің бағасы 5,8 пайызға, мебель мен тұрмыстық техника, электроника 5,4 пайызға өскені әсер еткені хабарланды.

Моңғолия Орталық банкінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың сәуір айында елдегі жылдық инфляция 6,4 пайызды құрады. Алайда елдегі 3,5 миллион халықтың жартысынан астамы тұратын елдің астанасы Ұлан-Баторда бұл көрсеткіш 6,1 пайызды құрады.

Ұлттық статистика комитетінің мәліметіне сенсек, Моңғолияның жалпы ішкі өнімі 2024 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8 пайызға өскен.

Бұл ретте Дүниежүзілік банк сарапшылары Моңғолиядағы экономикалық өсім негізінен тау-кен секторындағы өндіріс көлемінің артуы, жеке тұтынудың қалпына келуі және фискалдық экспансияға қатты тәуелділік есебінен болады деп болжайды.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button