БастыДенсаулықҚоғамМәдениетСаясатСпортТехнологияТуризмЭкономика

Түркия мен Өзбекстан арасында бір қатар келісімге қол қойылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Өзбекстан президенті Шавкет Мирзиеевтің қатысуымен екі ел арасында 18 келіссөзге қол қойылды.

Кеше, Президенттік кешендегі екі жақты кездесуден кейін Режеп Тайып Ердоған мен Мирзиёев Түркия-Өзбекстан жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 3-ші отырысына төрағалық етті.

Кездесуден кейін ұйымдастырылған рәсімде екі ел арасында 18 келісімге қол қойылды.

Келіссөздер барысында Өзбекстан мен Түркия арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі кеңейту, көпжақты ынтымақтастықты, ең алдымен, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда тереңдету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазіргі екіжақты ынтымақтастық жоғары деңгейде жалғасып жатқаны, барлық деңгейдегі байланыстар мен алмасулардың қарқындылығы атап өтілді.

Өзара сауда мен инвестиция көрсеткіштері артып, бірлескен жобалар мен кәсіпорындар саны, әуе тасымалы артып келеді. Өзара мәдени шаралар өтуде.

Сапар қарсаңында бизнес-форум сәтті өтті, оның нәтижесінде өнеркәсіп, «жасыл» энергетика, электротехника, тоқыма, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасының шеңберінде жаңа жобалардың үлкен портфелі қалыптасты.

Үкіметтерге сауданы 5 миллиард долларға дейін ұлғайту, оның ішінде преференциялық сауда келісімі аясындағы өнім түрлерін кеңейту міндеті қойылды. Ыстанбұл қаласында Өзбекстанның сауда өкілдігін құру туралы келісімге қол жеткізілді.

Мемлекет басшыларының төрағалығымен Өзбекстан-Түркия Іскерлік кеңесін құру туралы шешім қабылданғаны айтылды. Оның алғашқы отырысы бүгін өтеді.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару және цифрландыру салаларындағы өзара тиімді серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.

Қауіпсіздік пен қорғаныс, терроризм, экстремизм және радикализмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және үйлестіру қажеттігі атап өтілді.

Тараптар белсенді мәдени-гуманитарлық алмасуларды жалғастыруға келісті. Білім, денсаулық сақтау, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Екі ел азаматтарының келіп-кетуіне барынша қолайлы жағдай жасау қажеттігі өзекті екені айтылды.

Өзбекстан мен Түркия басшылары сондай-ақ аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайдың дамуында талқылады.

 

TuraNews

Back to top button