Қоғам

Қырғызстанда мамонт қалдықтары табылды

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Жырғалаң өзенінің жазығында карьер қазу кезінде ежелгі мамонттың тіс сүйегінің сынықтары мен жақ сүйегінің төменгі бөлігі табылды.

Бұл туралы Қырғызстанның Мәдениет министрлігі хабарлады, деп жазады Kazinform агенттігі.

Оны қарапайым жұмысшылар тауып, кейін ол жерге кәсіби археологтар жіберілгені атап өтілді.

Сүйектердің нашар сақталуына байланысты ғалымдар қалдықтардың бір бөлігін ғана ажыратып алған. Барлық қалпына келтірілген бөліктер тазаланып, сақталды.

Тексеру барысында карьердің 3-5 метр тереңдіктегі құм-қиыршықтас шөгінділерінен 140-150 метр қашықтықта екі жерден тіс пен төменгі жақ сүйектерінің сынықтары табылды.

Ақпаратқа сәйкес, сүйектер мұражайға беріледі.

 

TuraNews

Back to top button