Мәдениет

Ыстамбұлда А. Байтұрсынұлы туралы «Asrın Adamı» кітабы таныстырылды

Ыстамбұл қаласында өткен «Ахмет Байтұрсынұлы және түркі өркениеті» атты ғылыми конференцияда Халықаралық Түркі академиясы басып шығарған «Asrın Adamı» (Ғасыр адамы) кітабының таныстырылымы өтті, Бұл туралы Халықаралық Түркі Академиясының ресми сайты мәлім етті.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына аясында жарық көрген «Asrın Adamı» атты еңбек – А.Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, ахметтанушы-ғалым Райхан Имаханбеттің архив құжаттары мен сирек қолжазбалар қоры деректері бойынша ұзақ жылдар бойы жүргізген ізденістерінің нәтижесі.

Халықаралық Түркі академиясы мазмұнды еңбекті түркі дүниесіне кеңінен таныту мақсатында түрік тіліне аударып, жарыққа шығарды. Еңбекті түрік тіліне аудармашы Ашур Өздемир тәржімалады.

Кітап «Киелі мекен», «Толағай тұлға»,  «Ұлы ағартушы», «Ғасыр саңылағы» атты бөлімдерден тұрады. Онда ұлы ағартушының қолжазбалары, сирек құжаттары көшірмелері, сонымен бірге фотодеректер орын алған. Автор әрбір құжатты кеңінен талдап, замандастары арасында жазысқан хаттарының ғылыми түсініктемелерін қоса беріп отырған.

Кітап ахметтанушыларға және  жалпы түркология саласындағы ізденушілерге көптеген тың мәліметтер беретін жолбасшы бола алады.

twesco.org

Айта кету керек, Ыстанбұл қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және түркі өркениеті» атты ғылыми конференция өтті. Жиынды ТҮРКСОЙ ұйымы, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп өткізді.

Жиынға бауырлас Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия, елдерінің алаштанушы және түрколог ғалымдары қатысып, баяндама жасады.

 

 

TuraNews

Back to top button