Сапардың бағдарламасына сай, екі елдін басшыдарының төрағалығымен Түркия астанасында Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысы өтеді.
Саммиттің күн тәртібінде Өзбекстан-Түркия қарым-қатынастарын жан-жақты стратегиялық серіктестікте дамыту және нығайту мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, халықаралық саясаттың өзекті аспектілері бойынша пікір алмасу болады.
«Тәжірибелік өзара іс-қимылды кеңейтуге, бірінші кезекте тауар айналымын арттыруға, өнеркәсіп, жасыл энергетика, электротехника, тоқыма өнеркәсібі, фармацевтика өнеркәсібі, аграрлық сектор және басқа да салалардағы, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы ынтымақтастық жобаларын ілгерілетуге ерекше назар аударылады», — делінген хабарламада.
Келіссөздер нәтижесінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған.
Сондай-ақ Өзбекстан мен Түркия президенттері екі елдің жетекші кәсіпорындары мен компанияларының басшыларымен алғашқы бірлескен кеңес өткізеді.