Саясат

Қырғызстанның бас прокуроры отставкаға кетті

Қырғызстанның бас прокуроры Құрманқұл Зулушев өз еркімен отставкаға кету туралы өтініш берді.

Бұл туралы ақпаратты Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов растады.

Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысының хабарлауынша, қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров прокуратура қызметкерлері арасынан жаңа бас прокурор лауазымына кандидатураны қарастырып жатыр.

Құрманқұл Зулушев Бас прокурор қызметін 2020 жылдың 21 қазанынан бастап атқарды.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button