Оразадан 70 күннен кейін тойланатын мұсылмандардың қасиетті мерекесі күнтізбеде қызыл күнмен белгіленген.
Сәйкесінше, қазақстандықтар 15, 16 және 17 маусымда қатарынан 3 күн демалады.
Құрбан айттың алғашқы таңында еліміздің барлық мешітінде Айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы бар мұсылмандар құрбан шалуы қажет.