Фильмді ҚР Президенті телерадиокешенінің Деректі фильмдер орталығы түсіріп жатыр. Түсірілім Қонаев қаласындағы «Көшпенділер» алаңында өтуде.
«Абылай хан» көркем фильмі Бурабайдағы Абылай хан алаңында орналасқан мультимедиалық-интерактивті кешенде көрсетіледі.
Кешенге келушілер қазақ халқының біртуар перзенті — Абылай хан атанған бала Әбілмансұрдың өмір тарихын білуге зор мүмкіндік алады.
Басты рөлді қазақтың белгілі актері Жандос Айбасов сомдайды.
Фильмде сондай-ақ Болат Момынжанов, Байкенже Белбаев, Сағызбай Қарабалин, Асхат Үрпеков, Айдос Әбдіқадыров, Динара Әтеева сияқты актерлер бой көрсетеді.
Фильмнің режиссері — Ғалымжан Баязитов, сценарий авторлары — Радик Темірғалиев пен Майра Жұмабекова.