Бұл туралы Кабар ақпарат агенттігі хабарлады.
Зілзала ошағы Бішкектен солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің күші 4,4 балды құрады.
Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институты Бішкекте күші 3,5 болатын жерасты дүмпулері сезілгенін хабарлады. Жерасты дүмпулері Бішкек уақытымен сағат 11:13-те тіркелді.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар жоқ.