— Санау қорытындысы бойынша елдегі сайлаушылардың бірыңғай тізіміне 6 миллион 326 764 адам енгізілді, — деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов.
Айтуынша, оның 47,55 пайызы — ерлер, 52,45 пайызы — әйелдер.
Орталық сайлау комиссиясының басшысы ең қарт сайлаушы 1890 жылы туған 134 жастағы Тамам Алиқызы Азизова екенін атап өтті.
Ал ерлер арасынан ең қарт сайлаушы — 1915 жылы туған Хилал Ибрагимов 108 жаста.
Мазахир Панахов 2 мамырда кезекті отырыста парламент сайлауына дайындықты жеделдетуді тапсырды.
— Біз дайындықты қазірдің өзінде бастауымыз керек. Қаңтардан бастап сайлаушылар тізімдері нақтыланады, — деді М.Панахов.