Димаш Құдайберген өзінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Ыстанбұлда жеке концертін берді.
Ыстанбұлдағы Бешикташ стадионында өткен Димаштың концерті көру үшін әлемнің көптеген елдерінен: Түркия, Қытай, сондай-ақ, Еуропа, АҚШ, Азия мен Африканың көптеген қалаларынан жанкүйерлер жиналды.
Сахнаға өнер иесімен бірге DJ Бурак Йетер мен дыбыс режиссері Халюк Левент шықты.
Концерт Rams Global, ТҮРКСОЙ, BWO, Yıldızlar Organization және Gain Media ұйымымен бірлесіп өткізілді.
Шара басында қонақтарды түрік тілінде қарсы алған Димаш сахнада 4 сағатқа жуық өнер көрсетті. Өзінің 30 жасына тұспа тұс келген 27-концертінде тыңдармандары әншіні туған күнімен құттықтап, ал өзі болса сахнада үлкен торт кесті.
Ыстанбұлдағы 42 500 орындық «Бешикташ» стадионы лық толды.
Айта кетейік, сыйымдылығы 43 мыңға жуық стадионға 12 мың билет сатылған. Кешке Түркияның түкпір түкпірінен қазақ қандастар да арнайы келген.