Технология

Биыл ШҚО-ның жүзден астам мектебі «Starlink» жүйесіне қосылады

ШҚО-ның интернеті жоқ шалғай ауылдарына «Starlink» ғаломтор желісі кезекпен іске қосылуда.

Үлкен Нарын ауданының Сенное, Зайсан ауданының Жаңатұрмыс ауылдарындағы мектептерде «Starlink» желісі орнатылды. Енді ондағы оқушылар тест тапсыруға керек деректерді еш қиындықсыз жүктей алады.

– «Starlink» желісі арқылы біз электронды оқулықтар мен энциклопедияларға, бейнесабақтарға, презентацияларға, аудиоматериалдарға қол жеткізе алдық,

– дейді Сенное орта мектебінің 7 сынып оқушысы Устинья Белякина.
Енді оқушылар мен ұстаздар еш кедергісіз интернет желісін қолдана алады. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашылмақ.

– «Starlink» желісінің жырақ ауылдардағы оқушылар мен ұстаздарға пайдасы зор. Ол бізге түрлі ақпарат алуға мүмкіндік беруде, – дейді Жаңатұрмыс мектебінің жаратылыстану мұғалімі Салтанат Сахариева.

Биыл облыстың Тарбағатай, Зайсан, Катонқарағай, Алтай аудандарындағы жүзден астам мектепке «Starlink» желісі орнатылатын болады. Байланыстың бұл жылдам әрі сапалы түрін тек білім беру мекемелері қолдана алады.

TuraNews

Back to top button