БастыТуризм

Қазақстан жаһандық туризм рейтингінде өз орнын жақсартты

Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Бұған дейінгі индексте Қазақстан 117 мемлекет арасынан 66 орынға орналасқан еді.

Еліміз мына санаттар бойынша ең жоғары баға алды: бағалық бәсекеге қабілеттілік (2 орын), туризмнің әлеуметтік-экономикалық әсері (5), денсаулық сақтау және гигиена (23), табиғи (30) және мәдени ресурстар (48), сондай-ақ адами капитал мен еңбек нарығы (43) және туристік инфрақұрылым мен сервис (47).

Қазақстан Әзербайжан (56), Өзбекстан (78), Қырғызстан (102) сияқты елдерді басып озып, Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткішке ие мемлекет болды.

 

TuraNews

Back to top button