Қоғам

Түрген ауылында ауыз су құбыры желілерін қайта жаңарту және салу жоспарлануда

Жоба бойынша шамамен 67 км су құбыры желілерін қайта құру және салу жоспарлануда.

Жақын арада мердігер мекеме Түрген ауылында ауыз су құбыры желілерін қайта құру және салу жұмыстарын бастайды. Жоба бойынша шамамен 67 км су құбыры желілерін қайта құру және салу жоспарлануда.

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2022-2023 жылдары ауыз су құбырын салу жөніндегі жұмыстарының екінші кезеңі бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. 2023 жылдың наурыз айында Алматы облысының «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынды. Қорытындыға сәйкес конкурстық жұмыстар жүргізіліп, 2024 жылдың сәуір айында мердігер мекеме анықталды.

Осыған орай, ауыл тұрғындарынан жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары барысында туындайтын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Жөндеу жұмыстары аудан және ауылдық округ әкімінің бақылауында.

TuraNews

Back to top button