ҚоғамСаясат
ШҚО әкімі әскери бөлімде болып қайтты
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ҚР Қорғаныс министрлігінің Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы «27943 әскери бөлімінде» болды. Бөлімдегі офицерлермен кездесіп, әскери техникаларымен танысып, даңқты батыр Қасым Қайсенов ескерткішіне гүл шоғын қою салтанатына қатысты.
Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті. Сондай-ақ арнайы жасақ арасындағы қоян-қолттық ұрыс шеберлерінің күресін тамашалады.
— Өңіріміздегі бетке ұстар қаһармандары, Ұлы Отан соғысының батырларын тану, ерліктерін дәріптеу біздің парызымыз. Олардың атын ғана емес, жеңіс үшін жүріп өткен жолдарын да жатқа білуіміз керек,-деді облыс әкімі.
Бүгін дәл осы әскери бөлімде сонымен қатар Өскемен қаласындағы оқушылар мен студенттерге арналған ашық есік күні өтуде. Шара өскелең ұрпақтың бойына патриотизмді баулып, Республикадағы отан қорғаушылардың мәртебесін арттыру мақсатында өтіп отыр.