Спорт

Қазақ мергендері Бакудегі әлем кубогінде алтын медальға таласады

Кеше Әзірбайжан астанасы Бакуда нысына көздеуден Әлем Кубогының кезеңі басталды.

Жарыстың алғашқы күні іріктеу нәтижесінде (10 метр, тапанша) Қазақстан-2 құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Эльдар Иманкулов пен Валерия Попелова жұбы сайыс кезінде 578 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді. Ертең олар Түркия құрамасының мергендері Симал Йылмаз және Исмаил Келеспен алтын жүлдені сарапқа салады.

Осы бағдарламада сынға түскен Қазақстан-1 командасының (Валерий Рахимжан мен Ирина Юнусметова) медаль үшін таласуына сәл жетпей қалды (6-орын). Валерий мен Ирина дуэті Қытай-2 және Украина-1 командасы сияқты 577 балл алғанымен, нысананың ортасын дәл көздеу жағынан қарсыласқа есе жіберген.

Айта кетейік, бұл кезең мылтық және тапанша ұстаған мергендер үшін лицензиялық, ал стенд ату шеберлері үшін Олимпиада рейтингінде ұпай берілмейтін жарыс саналады. Бакуде ел намысын барлығы 21 спортшы қорғайды. Жалпы қатысушы саны 699 адам (84 мемлекет).

TuraNews

Back to top button