Еурокомиссия TikTok-қа қарсы іс қозғады
Еуропалық комиссия «Цифрлық қызмет көрсету туралы» заң (DSA) бойынша TikTok-қа қарсы ресми іс жүргізудің екінші раундын бастады.
Еурокомиссия пайдаланушыларға бейнелерді көру және контентке лүпіл басу сияқты әрекеттерге қатысқаны үшін ұпай жинауға мүмкіндік беретін «TikTok Lite»-тің «Тапсырмалар мен марапаттары бағдарламасына» қатысты алаңдаушылық білдірді. Марапаттарға Amazon ваучерлері, PayPal сыйлық карталары және TikTok монеталары деп аталатын қолданбадағы валюта кіреді, деп атап өтті Еуропалық комиссия.
ЕО атқарушы органы сонымен қатар пайдаланушылар жасын тексеру тетіктерінің әлеуетті болмауына байланысты, әсіресе балалардағы тәуелділік әсері туралы алаңдаушылық білдірді.
«TikTok Lite» – интернет жылдамдығы төмен аймақтарға арналған жаңа қосымша. Ол өткен айда Испания мен Францияда іске қосылды.
«Біз «TikTok Lite» қызметі әсіресе балаларда тәуелділік тудырады деп күдіктенеміз. Егер «TikTok» қауіпсіздіктің сенімді дәлелдерін ұсынбаса, ал ол бұны осы уақытқа дейін жасай алмады – біз DSA-ға сәйкес уақытша шаралар қабылдауға дайынбыз. Оның ішінде «TikTok Lite»-тің «марапаттар бағдарламасын» тоқтату да бар», — деп жазды Еуропалық ішкі нарық жөніндегі комиссары Тьерри Бретон өзінің Х әлеуметтік желісінде.
Компания бұл шешімге көңілі толмайтынын мәлімдеді.
«TikTok Lite марапаттау орталығы 18 жасқа толмағандар үшін қолжетімсіз және бейнені қарау тапсырмаларында күнделікті шектеу бар», — деді «TikTok»-тың жергілікті өкілі БАҚ-қа. Ол «Комиссиямен талқылауды жалғастыратындарын» қосып өтті.
Компания тоқтата тұруға қарсы қорғаныс дәлелдерді осы жылдың 24 сәуіріне дейін ұсынуы тиіс.
Комиссия істі бастаған ЕО цифрлық қызметтер туралы заңы (DSA) 17 ақпанда күшіне енді және желілік субъектілердің заңсыз және зиянды онлайн мазмұнмен қалай күресу керектігін реттейді.
Бұған дейін танымал әлеуметтік желіні Ресейде бұғаттау ұсынылған болатын. Қырғызстанда TikTok-қа кіру шектеледі. Қазақстанда да ресурсты бұғаттау туралы пікірталастар жүріп жатыр. Өзінің депутаттық сауалында сенатор Әлішер Сатвалдиев TikTok платформасында жағымсыз контенттің таралуы мәселесін көтерді. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров та қазақстандықтардың TikTok қолдануын шектеуге шақырады.