БастыҚоғам

Су тасқынына байланысты Қазақстанның бес өңірінде 11 жол жабық тұр

17 сәуірдегі сағат 08:30 жағдай бойынша 5 облыстағы республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды.

«Қазавтожол» ҰҚ» АҚ мәліметінше, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7575 метр болатын су тасқыны орын алды.

  • Ақмола,
  • СҚО,
  • Қостанай

«5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.»»Қазавтожол» ҰҚ» АҚ

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 356 бірлік техника мен 438 адам жұмылдырылған.

TuraNews

Back to top button