ұл туралы ел президенті Садир Жапаров «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Kazinform агенттігі.
«2035 жылға қарай біз бүгінге дейін қордаланған 5 миллиард доллар көлеміндегі сыртқы қарызымызды өтейтін боламыз. Экономикамыз жақсарды. Елде тыныштық пен тұрақтылық болса, біз оны оңай төлей аламыз», — деді Мемлекет басшысы.
Сонымен бірге Жапаров Қырғызстан келешегі зор жобаларға, соның ішінде құны 5-6 миллиард доллар тұратын Қамбар-Ата 1 ГЭС құрылысына жаңа шетелдік несиелерден бас тартуды жоспарлап отырған жоқ деп мәлімдеді.
«Болашақта қанша несие алсақ та, әрбір жоба өзін-өзі ақтайды. Республика бюджеті мен халықтың қалтасына ауыртпалық түспейді», – деді Президент.