Соғды облысының басшыларымен және белсенділерімен кездесуінде Тәжікстан басшысы, үй шаруашылығынан бастап әлеуметтік мекемелерге, шаруа қожалықтары мен өндірістік нысандарға дейінгі барлық салаларда су мен электр энергиясын тиімді пайдалануды ынталандыру үшін қатаң шаралар қажет екенін атап өтті.
Рахмон күтпеген факторлардың, әсіресе бұрын-соңды болмаған климаттық өзгерістер мен оның келеңсіз салдары – құрғақшылық пен су тапшылығының, сондай-ақ азық-түлік бағасының өсуінің салдарынан халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету қиындап бара жатқанын еске салды.
2023 жылдың қыркүйегінде Тәжікстанның «Барки точик» ұлттық энергия компаниясы электр қуатын өндіретін қоймадағы су көлемі күрт азайғандықтан электр энергиясына шектеу қоятынын хабарлаған болатын.