БастыҚоғамСаясат

Әзербайжан Грета Тунбергтің ұсталуын айыптады

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Нидерланд билігін климаттың өзгеруіне қарсы наразылық білдірушілердің сөз бостандығын құрметтеуге шақырды

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Голландияданың Гаага қаласындағы бейбіт шеру кезінде экологиялық белсенді Грета Тунбергтің ұсталуына қатысты алаңдаушылық білдірді.

«COP29-ға төрағалық ететін ел ретінде біз Нидерланд билігін климаттың өзгеруіне наразылық білдірушілердің сөз бостандығын құрметтеуге және ұсталғандарды босатуға шақырамыз», — деп хабарлады Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі.

Бұған дейін, Гаагадағы акция кезінде шведтік экологиялық белсенді Грета Тунберг ұсталған болатын.

Тунберг және басқа да қоршаған ортаны қорғау белсенділері ЕО үкіметінің қазбалы отынды сатып алуға бөлінген субсидияларына наразылық білдіру үшін ірі A12 тас жолын жауып тастаған еді.

Source
Агентсво Анадолу

TuraNews

Back to top button