34 саяси партия қатысқан сайлауда қазіргі таңда бюллетендердің 99,82% есептелген.
Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша, Анкараның қазіргі мэрі, Республикалық халық партиясынан үміткер болған Мансур Яваш өз орнын сақтап қалды. Бюллетеньдердің 99,93 пайызын санау қорытындысы бойынша шенеунік 60,35 пайыз, билік партиясының кандидаты Тұрғыт Алтынок 31,69 пайыз дауыс жинаған.
Ыстамбұлда сайлау бюллетеньдерінің 99,98%-ын санағаннан кейін қазіргі қала мэрі әрі Республикалық Халық партиясы (РХП) кандидаты Экрем Имамоглу 51,09%, оның бәсекелесі Мұрат Курум 39,60% дауыс жинады.
Измирдегі сайлауда бюллетеньдердің 99,73 пайызын өңдегеннен кейін РХП өкілі Джемиль Тугай 48,90 пайызбен бірінші орында тұр. Оның бәсекелесі Хамза Даг 37,07% дауыс жинады.
Естеріңізге сала кетейік, 31 наурызда Түркияда муниципалды сайлау өтіп, оның барысында азаматтар ірі қалалардың, аудандардың әкімдерін және муниципалды кеңес мүшелерін сайлады.
Елде 61 миллионнан астам сайлаушы тіркелген, олар үшін 206 845 сайлау учаскесі ашылған.
Осы сайлауда 81 провинция, 973 аудан және 390 қаланың әкімі анықталады.