БастыСпорт

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды

Грузиялық құрама Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы финалында Грекияны пенальтиден жеңіп кетті.

Футболдан Грузия құрамасы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алды.

Енді грузиялық футболшылар құрлықтық додада Португалия, Түркия және Чехиямен кездеседі.
Кездесу барысында Грузия мен Грекия құрамалары ойынның негізгі кезеңі мен овертаймда бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл жолы грузиялық футболшылар қарсыласын 4:2 есебімен сүріндірді.

Осылайша Грузия өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алды.

Айта кетсек, Грузия жартылай финалда Люксембургті 2:0 есебімее жеңсе, Грекия Қазақстанды 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button