Экономика

Қазақстанда лицензиясы жоқ букмекерлік кеңселердің интернет ресурстары бұғатталады

Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен іліспе құжаттың жобасы келіп түсті

Бұл туралы Kazinform хабарлайды.

«Заң жобалары Мемлекет басшысының құмар ойындарға заң жүзінде шектеу қою туралы тапсырмасының аясында Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді. Бұл құжаттардағы негізгі жаңалықтарға тоқталсақ, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасын ғимараттарда, билбордтарда, БАҚ-та, көліктерде орналастыруға және таратуға тыйым салу жөнінде норма қарастырылған. Сонымен қатар, басқа да жердегі жарнамасын шектеу ұсынылды», — деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов палатаның жалпы отырысында.

Екіншіден, борышкерлердің бірыңғай тізімінде тұрған азаматтар үшін құмар ойындарға қатысуға тыйым салу ескерілген.

«Мұнымен қоса, лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің, тотализаторлардың интернет ресурстарына тыйым салып, оларды бұғаттау ұсынылды. Заң бұзған ойын бизнесін ұйымдастырушылар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізу сияқты басқа да нормалар қарастырылған. Сондықтан Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті аталған жобалары бойынша тиісті қорытынды әзірлеуге дайын», — деді депутат.

 

TuraNews

Back to top button