СаясатЭкономика

Қырғызстанда шетелдік агенттер туралы заң жобасы қабылданды

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаттары «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қырғыз Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасын 66 депутат қолдаса, 5 парламентарий қарсы шықты.

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қырғыз Республикасының Заңына түзетулер «шетелдік коммерциялық емес ұйым», «шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері», «шетелдік өкілдің функцияларын жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым» ұғымдарын енгізеді.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың 17 қаңтарында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа хат жолдап, онда Қырғызстан парламентінде қаралып жатқан «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына қатысты алаңдаушылық білдірген болатын.

Садыр Жапаров өз жауабында әділдік пен бостандыққа ұмтылу қырғыз халқының генетикалық коды екенін атап өтіп, Блинкеннің хатында мемлекеттің ішкі ісіне араласу белгілерін атап өтті.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button