Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, Премьер-Министрдің өкімімен ұйымдастыру комитеті құрылған.
«Қазір V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу жөнінде дайындық жүріп жатыр. «Қазспортинвест» АҚ базасында ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы құрылды. Ал, 10 қаңтарда ВИК стилінде қаланы безендіру бағдарламасы басталды. Осы кезге дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 58 ел қатысатынын растады», — деп мәлім етті Аида Балаева.
Айта кетейік, Биыл елордада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізіледі.