ҚоғамСаясат

Өзбекстан Сырдария бассейнінде қазба байлықтарын өндіруге мораторий енгізеді

Өзбекстанда Сырдария өзенінің бассейнінде кен материалы болып есептелмейтін қазба байлықтарын өндіруге мерзімсіз мораторий енгізіледі.

Тиісті жарлықа 11 наурыз күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Өзбекстанның Әділет министрлігінен мәлім еткендей, биыл 1 мамырдан бастап Сырдария өзенінің арнасында кен материалы болып саналмайтын қазба байлықтарын (қиыршық тас, құрылысқа қажетті құм, керамзит және т.б – авт.) өндіруге мораторий енгізіледі. Бұған қоса, оларды заңсыз өндіру нәтижесінде қоршаған ортаға залал келтіргендерге қатысты қолданылатын жаза күшейеді.

Ведомство ақпаратына сай, Сырдария өзенінің жағалауындағы ластанған жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Еске сала кетсек, Сырдария өзені бассейніндегі судың сапасын бақылау, ластанудың себептерін анықтау және олардың әсерін азайту жөніндегі былтыр Астанада Қазақстан-Өзбекстан бірлескен жұмыс тобының отырысында талқыланған еді.

TuraNews

Back to top button