Бұл туралы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының (ДКО) ресми сайты хабарлады.
ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Атамекен» ҰКП және жергілікті атқарушы органдардың, туристік компаниялардың, туристік индустрия қауымдастықтарының өкілдері қатысқан шарада 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы да ақпараттар берілді.
Көшпенділер ойындары елдің туристік әлеуетін арттырып, саладағы кәсіпкерлік қызметті жандандыруға серпін беретіні сөзсіз. Сондықтан да, екі ел арасындағы туристік ынтымақтастықты ілгерілету, кедергілердің алдын-алу шараларының туристер ағынын арттырудағы маңызы зор.
Шара аясында тараптар трансшекаралық туризмді дамыту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Айта кету керек, 28-29 наурызда Бейжіңде «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының» ашылу рәсімі мен түрлі тақырыптық апталықтар өтеді.