Әлем

Албанияда НАТО әуе базасы ашылды

Батыс Балқандағы НАТО-ның алғашқы әуе базасы Албанияда ашылды.

Бұл туралы Солтүстік Атлантикалық альянс таратқан мәлімдемеде айтылған.

2024 жылдың 4 наурызында Кучова әуе базасы ресми түрде ашылғаны, бұл нысан НАТО-ның болашақтағы әуе операцияларының заманауи орталығына айналатыны айтылған.

Құрылысы 2019 жылы басталған әуежай Тиранадан 80 шақырым жерде Берат ауданында орналасқан.

Бұл НАТО-ның Албаниядағы ең ірі жобасы. Кешен әскери блоктың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне, әуе операциялары мен әскери жаттығуларға қолдау көрсетеді деп болжануда.

Source
Uza.uz

TuraNews

Back to top button