Әлем

Тәжікстанда қар көшкіні мен тас құлау қаупі күшейді

Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс ел тұрғындары мен қонақтарына комитеті ескерту жариялады.

Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті ел тұрғындары мен қонақтарына алдағы күндері республиканың таулы аймақтарында, «Душанбе – Худжанд»  автожолының аумағында және Таулы-Бадахшан автономиялық облысының батыс аудандарында қар көшкіні мен тас құлау қаупі жоғары болатынын ескертті, деп  жазады  Ховар агенттігі.

Комитет тұрғындарды ұзақ сапарға шығудан, отын жинаудан, аң аулауға және балық аулауға барудан, сондай-ақ қар көшкіні қаупі бар аймақтарға барудан бас тартып, сақ болуға шақырады.

Бұған дейін Комитет жауын-шашын салдарынан Гиссар жотасының тауларында, сондай-ақ «Душанбе – Хорог», «Душанбе – Худжанд», «Душанбе – Лахш», «Хорог – Мургаб», «Хорог-Ишкашим» автожолдарында қар көшкіні ықтималдығы сақталатынын хабарлаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын 15-21 ақпан аралығында Тәжікстанда 200-ден астам қар көшкіні болған. Табиғи апат салдарынан кем дегенде 19 адам қаза тапты.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button