Экономика

Standard&Poor’s Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты», деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Ықтимал сыртқы тәуекелдер үшін жеткілікті резервтерді қамтамасыз ететін Қазақстанның фискалдық және сыртқы баланстарының орнықтылығы ел рейтингін қолдаудың негізгі факторлары болып қала беруде.

S&P сарапшылары экономиканың өтімді сыртқы активтері алдағы бірнеше жылда сыртқы борыштан айтарлықтай асып түседі деп болжайды.

Есепте экономиканың өсуі құрылыстағы, өнеркәсіптегі, саудадағы, ақпарат пен байланыстағы белсенділікке байланысты екендігі атап өтілді.

Сонымен қатар, cарапшылар инфрақұрылымды дамытуды және одан әрі әртараптандыруды қоса алғанда, Үкіметтің ынталандырушы шараларын атап өтті.

S&P экономикалық реформалардың жалғасуы және мемлекеттік шығыстардың орташа өсуі 2024-2027 жылдардағы тапшылықты азайтады деп күтеді.

ҚР Үкіметі инвестициялық сенімділік деңгейінде рейтингті сақтау бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.

TuraNews

Back to top button