ӘлемЭкономика

Қырғызстанда сақтандыру жарнасы төмендемек

Сақтандыру жарнасы тарифінің қазіргі мөлшерлемесі — бизнес өкілдерінің алдында тұрған өзекті мәселенің бірі.

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров «Кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы салықтық орта жасау және сақтандырылған адамдардың мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға қызығушылығын арттыру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Жұмыс беруші төлейтін әлеуметтік аударымдар салық шегерімінің сомасынан айтарлықтай асып түседі.

Бұл қызметкерлердің жалақысын төмендетпеуге негіз жасап, кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайсыз экономикалық жағдайдың пайда болуына ықпал етеді.

Неғұрлым қолайлы жағдай жасау, белсенділікті ынталандыру, қаржылық ресурстардың қолжетімділігін арттыру және бизнестің қаржылық ауыртпалығын жеңілдету мақсатында құжатта Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің қарауына мына пунктілерді көздейтін заң жобасын енгізу тапсырылған:

  • бюджеттік ұйымдарды және табысы жоғары салаларды (тау-кен өнеркәсібі; электр энергиясымен, газбен, бумен және кондиционерленген ауамен қамтамасыз ету (жеткізу), ақпарат және байланыс, акцизделетін тауарларды сату (алкоголь, темекі өнімдері және жанар-жағармай материалдары), коммерциялық банктер, мамандандырылған қаржы-несие мекемелерін қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілері үшін сақтандыру сыйлықақысының мөлшерлемесін 27,25%-дан 12,25%-ға дейін төмендету;
  •  жұмыс берушілердің қызметкерлерге төленетін жалақыны (кірістерді) жасырғаны үшін жауапкершілігі;
  • салық салу мақсатында жалақыны (табысты) белгілеуге және сақтандыру жарналарын есептеуге қойылатын талаптарды анықтау;
  • республикалық бюджетке табыс салығынан шегерімдердің нормативін белгілеу;
  • республикалық бюджетте Қырғызстан Министрлер Кабинетi жанындағы әлеуметтiк қорға қосымша қаражат бөлуді қарастыру.
Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button