ӘлемБастыЭкономика

Өзбекстан Ресейден газ импортын арттыру үшін 500 миллион доллар жұмсайды

Өзбекстан үкіметі Ресейден газ тасымалдау жүйесін жаңғыртуға 500 миллион доллар бөлуді жоспарлап отыр. Мақсат – табиғи газ импотын 9 миллион текше метрден 32 миллион текше метрге жеткізу.

«Узтрансгаз» солтүстіктен әкелінетін табиғи газ көлемін ұлғайту үшін магистральдық газ жүйесін жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл үкіметтің «2024 жылдың бірінші тоқсанына арналған инвестициялық бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысында қарастырылған.

2024-2030 жылдардағы бірінші кезеңде табиғи газ тасымалын тәулігіне 32 миллион текше метрге дейін жеткізу жоспарланып отырғаны атап өтілді. Жобаны қаржыландыруды шетелдік несиелер есебінен жүзеге асыру көзделген.

Сондай-ақ, республиканың магистральдық газ тасымалдау жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру (2021-2024 жж.) бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады. Жалпы құны 483 миллион долларды құрайтын жобада 511 шақырым магистральдық газ құбыры мен 10 газ насос агрегатын жаңғырту көзделген.

Ақпарат үшін, 2023 жыл 7 қазанда Қазақстан, Өзбекстан және Ресей президенттері Мәскеуде өткен шарада Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға жеткізу процесін бастап берді. Осы мақсатта 1960 жылдары Түркіменстан мен Өзбекстаннан Ресейге газ тасымалдау үшін салынған «Орталық Азия-Орталық» магистральдық желісі кері жұмыс істеуге бейімделді.

«UzGasTradе» және «Газпром экспорт» арасындағы коммерциялық келісімшарт 2 жыл мерзімге жасалған және тәулігіне 9 миллион текше метр табиғи газ және жылына шамамен 2 миллиард 800 миллион текше метр табиғи газ сатып алуды көздейді.

Мәскеуде өткен шарада Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға жеткізу процесін бастап берді.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button