Жапония әлемдегі үшінші экономика мәртебесін Германияға беріп, өткен жылдың соңғы тоқсанында ішкі сұраныстың әлсіздігінен рецессияға ұшырады, деп жазады Kyodo News.
Жапонияның номиналды жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) инфляцияны есептемегенде 4,21 трлн долларды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Жапония дүниежүзінде Германиядан (4,46 трлн доллар) кейін төртінші орынға шықты. Бұл — ұлттық валютаның күрт құлдырауы есебінен болды.
Министрлер кабинетінің мәліметіне сәйкес, қазан-желтоқсан айларында экономика алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 0,1%-ға және бір жылмен салыстырғанда 0,4% қысқарды, өйткені үй шаруашылықтары мен бизнестің шығындары инфляция жағдайында төмендеді.
Елдегі жеке тұтынушылық 0,2% төмендеді, үй шаруашылықтары өмір сүру құнының өсуімен және нақты жалақының төмендеуімен күреседі.
Күрделі шығындар да 0,1%-ға қысқарды.
Мемлекеттік инвестициялар 0,7%-ға қысқарып, екі тоқсан қатарынан төмендеді.
Ішкі сұраныстың әлсіздігіне қарамастан, келу туризмінің қалпына келуіне байланысты экспорт өсуді жалғастырып, 2,6%-ға өсті.