ҚоғамСаясат

Қазақстан мен Өзбекстан жануарлар дүниесін бірлесіп қорғайды

Қазақстан мен Өзбекстан Үстірт жазығының фаунасын сақтау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен «Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау» (CMSCOP14) Конвенциясына қатысушылар конференциясының 14-ші отырысы аясында Өзбекстан мен Қазақстан Өзбекстан Үстірт жазығының фаунасын сақтау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға ӨР Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов пен ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев қол қойды.

Келісім аясында Үстіртте жабайы жануарлар мен қоныс аударатын түрлердің трансшекаралық популяциясын сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобы құрылып, іс-шаралар жоспары – «Жол картасы» әзірленеді.

Құжат Орталық Азия елдерінің 2023 жылы Дүниежүзілік табиғи мұра нысандарының тізіміне енгізілген «Тұран қоңыржай шөлдер» Трансұлттық Дүниежүзілік табиғи мұра объектісін сақтау жөніндегі міндетін орындауға қызмет етеді.

 

Source
Uza.uz

TuraNews

Back to top button