Қазақстандық жеңіл атлетші Алина Чистякова, Кувейтте аяқталған Азия біріншілігінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынына алтын медаль салды,
Алина жетісайыста 4737 нәтиже көрсетті. Бұл оның жаңа маусымдық көрсеткіші.
Сондай-ақ, Қазақстандық Ринат Кулыгин кедергілермен 2000 метрге жүгіруде 6:04.63 нәтижесімен U18 Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Бұл – Кувейттегі Азия чемпионатындағы Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль. Бұған дейін ұлттық құраманың бірінші «алтынын» Сабрина Арзиева әкелген болатын. Ол 5000 метрге жүгіруден үздік атанды.