Бүгін түнде Бішкектегі жылу орталықтарының бірінде апат болды, деп хабарлады 24.kg
Алдын ала мәлімет бойынша, қазандықтардың бірі жарылған. Жарылыс себебі әзірге белгісіз.
Көптеген қала тұрғындары бүгін таңертең ыстық су тапшылығына тап болды, сонымен қатар батареялардың температурасы айтарлықтай төмендеген.
Энергетика министрлігі Бішкектегі жылу орталығында болған апатты растады.
Ведомствоның мәліметінше, бүгін түнде шамамен сағат 3.00-де ЖЭО аумағында жарылыс дыбысы естілген. Қаладағы кейбір тұрғын үйлерге уақытша ыстық су мен жылу берілмейді.