Қоғам
Сейсмологтар Алматыдан 252 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.1.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық сейсмикалық стансалар желісі 1 ақпан күні сағат 01:21-де жер сілкінісін (афтершок) тіркеді, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым қашықтықта – Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 11.1. Магнитудасы — MPV 4.6.
Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) білінген жоқ, — деп жазылған Алматы қаласы бойынша кезекші оператордың хабарламасында.