Әлем

Ташкентте арқанжолмен жүретін қоғамдық көлік пайда болады

Қоғамдық көлік арқанжол арқылы такси сияқты қызмет көрсететін болады.

Шеньчженьде (ҚХР) Ташкент қаласы хокимінің міндетін атқарушы Шавкат Умурзаков бастаған делегация Beijing North Bartholet Ropeway Technology Co.Ltd компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме беріп.

Кездесу барысында Ш.Умурзаков Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасына сай Ташкент аумағында іске асыру жоспарланған ірі жобалар, оның ішінде «жасыл» транспортты дамыту бағдарламалары туралы баяндады.

Жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, компанияның ТМД елдерімен жұмыс жөніндегі директоры Бэй Кью Ташкент тарапының осы бағыттағы барлық бастамаларын қолдауға дайын екенін білдірді.

«Toshkent Invest Kompaniyasi» АҚ мен қытайлық компания арасындағы кездесу нәтижесі бойынша инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл жоба арқанжол арқылы такси сияқты қызмет көрсетуге бағытталған. Оның сұлбасы көпшілік назарына ұсынылады. Одан жиналатын халық ұсынысы мен пікірі Beijing North Bartholet Ropeway Technology Co.Ltd кәсіпорынының конструкторлық кеңсесіне жіберіледі. Компания өз кезегінде олардың орындалуына жауапты болады.

 

TuraNews

Back to top button