Әлем

Белгород облысында ресейлік ИЛ-76 ұшағы құлады

Ил-76 әскери ұшағы жоспарлы ұшу кезінде Белгород маңында апатқа ұшырады. Мұндай деректі журналистерге Ресей Қорғаныс министрлігі мәлім етті.

Ресейдің Белгород облысында ИЛ-76 әскери ұшағы құлады. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ведомство әскери ұшақтың бортында тұтқынға алынған 65 украиналық әскери болғаны, оларды алмастыру үшін Белгород облысына апара жатқаны айтылды. Бұған қоса, ұшақта алты экипаж мүшесі мен тұтқындарға бас-көз болып жүрген үш адам бары хабарланды.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков «оқиға орнында тергеу тобы мен ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жұмыс графигімді өзгертіп, апат болған аймаққа шығып кеттім. Толығырақ кейінірек айтамыз» деп жазды.

112 телеграм каналы бортта болған 65 тұтқын қаза тапқанын хабарлады. Бірақ бұл ақпарат әлі расталған жоқ.

 

Source
Azattyq.org

TuraNews

Back to top button