Әлем

Альпер Гезеравжы ғарыш станциясынан байланысқа шығып, Түркияға сәлем жолдады

Түркияның алғашқы ғарыш миссиясына халықтың қызығушылығы өте жоғары.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Халықаралық ғарыш станциясына барған тұңғыш түрік ғарышкері Альпер Гезеравжымен бейне қоңырау арқылы сөйлесті, деп хабарлайды TuraNews.kz 

Альпер Гезеравжы Халықаралық ғарыш станциясынан кемінде 7 рет отанымен байланысқа шығуда және осы жолы, ол Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған сөйлесіп, ғарыш миссиясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы түсініктеме берді.

«Жүйелі түрде эксперименттік зерттеу жұмысын бастадым және Ұлттық Ғарыш бағдарламасы бойынша алғашқы тапсырманы орындадым», — деп айтты Гезеравжы.

TuraNews

Back to top button