Өзбекстан Республикасы Президентінің «Республикаға шетелдік туристер ағынын күрт арттыру және ішкі туризмді одан әрі жеделдету шаралары туралы» қаулысына сәйкес екі жылда бір рет – мамыр айының үшінші аптасында осы шара өткізіледі.
Апталыққа қатысу үшін әлемнің жетекші сән үйлерін тарту жоспарлануда. Олар Өзбекстанның жібек маталарынан заманауи көйлек жасау байқауына қатысады. «SILK UZBEKISTAN FASHION WEEK» жүлде қоры 2 миллион АҚШ долларын құрайды.