ӘлемМәдениет

Бішкектегі қоғамдық көліктерде қырғыз тіліндегі мультфильмдер көрсетіледі

Қоғамдық көліктерде орнатылған мониторларда қырғыз тіліндегі мультфильмдер көрсетіледі

Қырғызстан астанасы Бішкектің қоғамдық көліктерінде қырғыз тілінде қысқаметражды мультфильмдер көрсетіледі, деп хабарлайды TuraNews.kz агенттігі жергілікті Kabar басылымына сілтеме жасап.

©Кабар

 

Атап өтілгендей, тиісті шешім Президент жанындағы Мемлекеттік тіл және тіл саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Қаныбек Осмоналиевтің, Бішкек мэрінің орынбасары Мақсатбек Сазықұловтың, Бішкек қалалық әкімдігінің мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Эльвира Ниязбекованың және «Бішкек жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖП басшысы Талант Қапаровтың қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша қабылданды.

«Шешім Мемлекеттік тіл туралы Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылданды» делінген хабарламада.

 

TuraNews

Back to top button