Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған үстел теннисін ойнады. Бұл туралы Президенттің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия еліне мемлекеттік сапары кезінде де екі ел басшылары үстел теннисін ойнаған болатын.