2024 жылдың алғашқы күндерінде Өзбекстанның XIX ғасырдағы тоқыма өнерінің бай мұрасына арналған «Ипак ва олтин: Либосларнинг муҳташам санъати» («Жібек пен алтын: Киімнің ғажайып өнері») кітабы жарық көрді, деп хабарлайды TuraNews.kz Uza агенттігіне сілтеме жасап.
Оқырмандар өзбек тарихи киімдері мен дәстүрлі өрнектері, Өзбекстандағы тоқыма өнеркәсібінің қалыптасуына Ұлы Жібек жолының әсері, қолөнер шеберлерінің сыртқы әлеммен тұрақты түрде шығармашылық алмасуы туралы біле алады.
Жаңа туынды шапан, суретті кілемдер және зергерлік бұйымдар сияқты әртүрлі өнер туындыларымен таныстырады. Бұл өнер туындыларын дайындауда ғасырлар бойы шеберлерден шәкірттеріне жалғасып келе жатқан дәстүр қолданылған.
Өзбекстан Мәдениет және өнерді дамыту қоры «Assouline» баспасымен бірлесе отырып «Өзбекстан. «Самарқандқа жол», «Өзбекстанның тірі қазыналары: қолөнер салтанаты», «Авангард Шығыс әуесқойлары» және «Орыс авангарды» сияқты бірнеше кітаптары жарық көрді.
Бұл кітаптар Өзбекстан мәдени-тарихи мұрасына, сәулеттік және табиғи әсемдігіне, елдің қолданбалы сәндік өнері мен заманауи шеберлеріне, Игорь Витальевич Савицкийдің авангардтық мұрасына арналған.
Айта кету керек, бұл туынды Мәдениет пен өнерді дамыту қорының бастамасымен, автор Яффа Ассулин мен белгілі фотограф Лазиз Хаманимен бірлесіп дайындалған.