ӘлемЭкономика

Өзбекстанда доллардың ресми бағамы ең жоғары тарихи көрсеткіштен асып түсті

Өзбекстанда доллардың ресми бағамы 12 400 сумнан асып, бұған дейін болған тарихи жоғары көрсеткішті жаңартты, деп хабарлайды TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Орталық банкінен мәлім еткендей, бүгінде валюта биржасындағы доллар бағамы ең жоғары деңгейге жетті. Яғни, елдің реттеуші органы АҚШ валютасының ресми бағамын 12 418,03 сум деңгейінде белгіледі.

Сәрсенбі күні коммерциялық банктерде бір доллар 12 335 — 12 390 сум бағамы бойынша сатып алынса, сату курсы 12 420 — 12 480 сум аралығында болды.

Бұған дейін доллардың сумға қатысты ең жоғары бағамы былтыр тамызда тіркелген еді. Онда баға бірден 408 сумға көтеріліп, 12 мың сумнан асқан еді.

Айта кетейік, жалпы өткен жылдың басынан бері Өзбекстанның ұлттық валютасы шамамен 10%-ға құнсызданды.

 

TuraNews

Back to top button