ӘлемСаясат

Әзербайжанда 7 үміткер президент сайлауына түседі

Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) республика президенттігіне тағы 4 адамның кандидатурасын тіркеді, деп хабарлайды TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме беріп.

ОСК отырысында «Ұлы жасампаздық» партиясынан Фазиль Мустафа, «Ұлы Әзербайжан» партиясы атынан Эльшад Мусаев, «Әзербайжанның бірыңғай халық майданы» партиясынан Гудрат Гасангулиев және өзін ұсынған Фуад Алиевтің кандидатураларын тіркелді.

Бұған дейін 30 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Ильхам Гейдар Оглу Алиевтің кандидатурасын «Ени Әзербайжан» партиясының атынан Президент лауазымына үміткер ретінде тіркеді. Сондай-ақ 8 қаңтарда ӘР Әлеуметтік зерттеулер орталығы басқармасының төрағасы Захид Орудж және ӘР Милли Меджлисінің VI шақырылым депутаты Рази Нуруллаев тіркелген болатын. Осылайша Әзербайжан президенттігіне тіркелген үміткер саны 7 адамға жетті.

Президентікке үміткерлерді тіркеу үшін ОСК құжат тапсыру мерзімі 8 қаңтарда аяқталғанын айта кетейік.

Жалпы сайлау науқаны басталғалы Орталық сайлау комиссиясына үміткерлерді тіркеу туралы 17 арыз келіп түскен.

Еске салайық, Әзербайжанда 2024 жылдың 7 ақпанында кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

 

TuraNews

Back to top button