БастыСаясат

Ердоған: Түркия терроризмге қарсы күресте Иранды қолдайды

Кеше кешкі уақытта Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ирандық әріптесі Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесіп, Керман провинциясында болған терактіде құрбан болғандарға көңіл айтты, деп хабарлайды TuraNews.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің хабарламасында айтылған.

Мәлімдемеге сәйкес, түрік басшысы бейбіт тұрғындарға бағытталған лаңкестік әрекетті айыптады.

Мемлекет басшысы Түркияның терроризммен күресте Иранды қолдайтынына сендірді.

Президент Ердоған Иранды лаңкестікпен күресте бірге әрекет етуге шақыратынын қайталап айтты.

Иран президентінің бүгінгі жоспарланған Түркияға сапары кейінге қалдырылды.

Иранның Керман провинциясында Касем Сүлеймани бейіті маңында болған екі жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 103-ке жетіп, тағы 211 адам жараланды.

Оқиға 2020 жылдың 3 қаңтарында Бағдадта АҚШ-тың әуе шабуылынан ирандық генералдың қайтыс болғанына 4 жыл толғанда орын алды.

Бұған дейін Ибрахим Раисидің 4 қаңтарда Анкараға келетіндігі хабарланған болатын.

 

TuraNews

Back to top button